Өнерпаздар топ жарды

97

0

Өнерпаздар топ жардыҚызылорда қаласында өткен республикалық «Алатау шыңы» конкурсында Жалағаш аудандық балалар – әуез мектебінің өнерпаздары топ жарды, деп хабарлады «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі. Байқау жас өнерпаздар мен педагогтардың шығармашылығын дамыту, балалар мен жасөспірімдерге көркем эстетикалық тәрбие беру мақсатында өткен.
Байқауда аудандық балалар әуез мектебінің өнерпазы Мадина Шәріп саз аспаптары номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар, флейта үйірмесінің жетекшісі Әлия Қалжекенова «Үздік тәлімгер» дипломымен марапатталды.
Сондай-ақ, сазды аспаптар орындау номинациясы бойынша Наргиз Нұрбек ІІ орынды жеңіп алса, домбыра үйірмесі бойынша Қайрақ Еңлік ІІ-ші орын, Ақмоншақ Жамбылқызы мен Балнұр Құрақбай жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.
Жеңімпаз жастар алдағы уақытта 8, 9, 10 мамыр аралығында Алматы қаласында өтетін «Жеті Өнер» І Халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсына жолдама алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз