Өнерпаздар «Жұлдызды жолдан» жүлделі қайтты

67

0

Өнерпаздар «Жұлдызды жолдан» жүлделі қайттыАудандық әуез мектебінің оқушылары дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау мақсатында республикалық «Жұлдызды жол» байқауына қатысты. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, еліміздің үлкен өнер додасында аудандық әуез мектебінің тәрбиеленушілері үздік нәтиже көрсетті. Қобызшы ұстаз Сәрсенкүл Түгелбаеваның шәкірті Сандуғаш Үсенова бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ домбырашы ұстаз Қуаныш Жүнісовтің шәкірті Дамир Маратов жүлделі екінші орын иегері атанды. Мың бұралған балғын бишілеріміздің де мерейі үстем болды. Осы үлкен байқауда ұстаз Гүлшат Өтебасова жетекшілік ететін «Тұмар» бишілер тобы жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Оның құрамында Аманкелді Замира, Ғанибай Жібек, Ержанова Нұрай, Дәуітбаева Ақерке, Қалиева Айшабибі, Айсина Әйгерім, Аманбекова Жұлдыз, Есімкеева Аида, Шайленова Мереке, Төлегенова Қаракөз, Байжанова Камила, Жұмаділова Мерей, Алтайбекова Айсұлу өнер көрсетті. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз