Нейроинсультты орталыққа түскендер саны ойландырады

99

0

Нейроинсультты орталыққа түскендер саны ойландырадыҚызылорда. Өткен екі жылда облыстық медицина орталығындағы нейроинсультты орталыққа келіп түскен науқастар саны көпшілікті ойландырады.  
«Сол уақыт аралығында орталыққа миға қан жетіспушілікпен (ишемиялық) -1042, қан құйылумен (геморрагиялық) 309, бір реттік соқпалы кезеңмен (беттің қисайуы, тілдің күрмелуі, қол мен аяқтың істемей қалуы)-622 адам түсті дейді- осы орталық меңгерушісі Оңталап Өмірзақұлы. Дәрігердің айтуынша, мұндай белгілерді байқағанда деру жедел-жәрдем шақырып, «Алтын сағатты» яғни алғашқы 3 сағатта науқасқа жәрдем көрсетілсе, тез сауығады екен. Бұл жерде еңбек жасындағы жандардың үлесі басым болуда» делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз