Н.Назарбаев: БҰҰ штаб-пәтерін Астанаға да көшіруге болады

35

0

Н.Назарбаев: БҰҰ штаб-пәтерін Астанаға да көшіруге боладыНЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерін Астанаға да
көшіруге болады. Бұл туралы бүгін Қазақстан журналистеріне сұхбат
берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Біріккен Ұлттар
Ұйымының Бас хатшысының шақыруымен мен ұйымның 70 жылдығына арналған
саммитіне қатыстым. негізгі сессияда, пікірталастар барысында
Қазақстанның барлық саяси және экономикалық мәселелердегі ұстанымын
айттым. Мұнан бөлек, тағы 2 саммитке қатыстым. Оның бірі –
экстремизммен, лаңкестікпен күрес мәселелері жөнінде, екіншісінде
2015-2030 жылдары кезеңіне арналған БҰҰ бағдарламасы бекітілді. Барлық
үш талқылауға қатыстым. Мұнан бөлек, көптеген елдердің басшыларымен,
кездесу мүмкіндігі болды. Оның ішінде қазір ғана мен Америка президенті
Барак Обамамен сұхбаттастым», – деді Елбасы. 

Мемлекет басшысы
 жалпы пікірталас барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және
Әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму Кеңесіне айналдыру, Ұйымының жүз
жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жоспарын әзірлеу
бастамаларын ұсынғанын атап өтті. Сондай-ақ  Біріккен Ұлттар Ұйымының
штаб-пәтерін Азияға көшіру мәселесін ойластыруды ұсынғанын айтты. 

«Егер
көшіру туралы шешім қабылданар болса, онда Біріккен Ұлттар Ұйымында 40
мың шенеунік жұмыс істейді. Олардың қайда жұмыс істейтіндігін, немен
айналысатындығын қазір ешкім білмейді. тек жалақыға ғана 5,5 млрд.
доллар шығындалады. Олардың елорданы Алматыдан Астанаға көшіру
барысындағыдай серпілуі үшін мен (штаб-пәтерін) Азияға көшіруді ұсындым.
Азияда дамып келе жатқан Шанхай, Сингапур, Сеул, Астана бар қай қалаға
көшірілетіндігін әрине ойластыратын, талқылайтын болады. Бұл қарапайым
мәселе емес», – деді Н.Назарбаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз