Н.Назарбаев барша қазақстандықтарды Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойымен құттықтады

40

0

Н.Назарбаев барша қазақстандықтарды Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойымен құттықтадыАСТАНА-ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Бүгін Тараз қаласында Қазақ хандығының 550
жылдығына арналған монументті ашу рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
барша қазақстандықтарды ұлық мерекемен құттықтады.

«Бүгінгі біздің бас
қосып отырғанымыз баршаңызға мәлім, Қазақ хандығының 550 жылдық
мерейтойы. Осы ұлық мерекемен барлығыңызды шын жүрегіммен құттықтаймын.
Елордамыздан бастау алған, 2000 жылдық тарихы бар Тараз  қаласында
жалғасып жатқан бұл мереке біздің халқымыз үшін, әсіресе, келер ұрпақ
үшін өте керек еді. Біз бодандық кезеңінде жүріп, тәуелсіздік алмай
жүрген кезде өз тарихынан ажырап қалған халықпыз. Біздің тарихымыз терең
екенін жастарға көрсетпесек, біздің онда «Мәңгілік Ел» болу деген
идеямыз орындалмайды», – деді Елбасы.

Сондықтан да Мемлекет басшысы  осы жылдардың
ішінде көне тарихымызды барлық жер-жерлерден іздестіріп, тауып, жинап,
жазып, есімізге түсіріп келе жатқанымызды баса айтты.

«Біз кеше ғана бола қалған халық емеспіз. Сонау
сақтардан, ғұндардан, түркі мемлекеттерінен, одан кейін Алтын Ордадан
қалған. Керей мен Жәнібек  артына ел ертіп, Шудың жағасына ту көтерген
кезде, қазақ деген сөз сол кезде шыққан болатын. Соны дүниежүзіне паш
ету үшін, әсіресе, ұл-қыздарымыз, келе жатқан ұрпақ тарихымыздың терең
екенін білсін деп осыны жасап отырмыз. Қазіргі қиын-қыстау заманға
қарамай осындай үлкен кешен ашып, ескерткіш қойдық», – деді ҚР
Президенті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз