Н.Назарбаев елдің жаңажылдық Бас шыршасының шамдарын жақты

58

0

Н.Назарбаев елдің жаңажылдық Бас шыршасының шамдарын жақты Бүгін кешқұрым Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты жағдайда елдің жаңажылдық Бас шыршасының шамдарын жақты.

Елбасымен
бірге бас шыршаны жағу құрметіне халықаралық жарыстардың жеңімпаздары
Мұхамедәлі Жүгінісов пен Дания Ишанқұлова ие болды.

Биыл Қазақстанның Бас шыршасы «Астана Опера» опера
және балет театрының алдындағы алаңда орын тепті. «Бақыт құсы» деп
аталатын басты шыршаның биіктігі – 25 метр. Шырша жүздеген ойыншықпен
және жарықтандырғыш құралдарымен әшекейленді. Бас шыршамен бір мезгілде
республикадағы барлық шыршалардың шамдары жағылатын болады.

Президент барша қазақстандықтарды алдағы Жаңа жыл
мерекесімен құттықтап, болашақтарына баяндылық, дендеріне саулық және
бақыт тіледі.

«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанымыз өркендеп,
өсті, дүниежүзіне белгілі болды, еліміздің әл-ауқаты артты. Барлық жасап
жатқан шаруамыз жас ұрпақтың жағдайы үшін»,- деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы білімді балаларды тәрбиелеу үшін
мектептер мен балабақшалар, университеттер және басқа да әлеуметтік
маңызды нысандар салынып жатқандығын атап өтті.

«Балалар бақытты болса, ел бақытты. Сіздер Тәуелсіз Қазақстанда,
барша әлемге сыйлы елде өмір сүріп жатырсыздар. Бүгін еліміздің ең
негізгі шыршасының шамдарын жағамыз. Барлық армандарыңыз орындалсын!
Сондықтан, келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!»,-деді Елбасы.

Бүгін Аяз Ата, Ақшақар, ертегі
кейіпкерлері мен киінген үлкен қуыршақтардың қатысуымен өткен
театрландырылған қойылымды үлкенді-кішілі қала тұрғындары мен қонақтары
тамашалады. Көрермендердің басым дені әлеуметтік жағынан тұрмысы төмен
және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз
қалған бүлдіршіндер болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз