Н.Назарбаев Қызылорда қаласында әлеуметтік тұрғын үйлер құрылысының барысымен танысты

41

0

Н.Назарбаев Қызылорда қаласында әлеуметтік тұрғын үйлер құрылысының барысымен таныстыЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда қаласындағы «Арай-2» шағын
ауданындағы әлеуметтік тұрғын үйлер құрылысын көрді, деп хабарлайды
Ақорданың баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысына қаладағы тұрғын үй
құрылысының барысы мен жүргізіліп жатқан инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылым таныстырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа баспанаға қоныстанған тұрғындармен кездесіп,
әңгімелесті және қоныс тоймен құттықтады. Сондай-ақ жас отбасы иесі
Ш.Деместің жаңа пәтерінде болып, дастарханынан дәм татты. Қоныс той
иелерінің екеуі де білім саласының қызметкерлері. Отбасында екі бала
тәрбиелеп отыр.

Елбасы қазіргі кездегі күрделі экономикалық
ахуалға қарамастан азаматтардың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыру
үшін мемлекет барлық қажетті жағдайды жасай беретінін айтты.

«Арай-2»
шағын ауданында «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында жалпы
ауданы 33,5 мың шаршы метрлік барлығы 10 үй салынуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз