Н.Назарбаевқа ҚР президенттігіне кандидатурасын қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын тапсырды

55

0

Н.Назарбаевқа ҚР президенттігіне кандидатурасын қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын тапсырдыОрталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа кезектен тыс президенттік сайлауға қатысу үшін қол жинау парақтарын тапсырды.

«Бүгін кешке Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдады. Дәл бүгін Орталық сайлау комиссиясы кандидатқа оның кандидатурасын қолдап азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын берді», – деді ОСК төрағасы Қ.Тұрғанқұловтың төрағалығымен өткен отырыста Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.Мелдешев.
ОСК мәліметі бойынша, ҚР Президенттігіне кандидатты қолдайтын сайлаушылардың рас қолдарының саны кемінде 93 021 болуы керек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз