Nokia мен Alcatel-Lucent бірікпек

50

0

Nokia мен Alcatel-Lucent бірікпекNokia компаниясы чемпиондық атағын қайтармақ, деп жазады 24.kz.

Финдік танымал ұйым өзінің фрацуздық бәсекелесі Alcatel-Lucent компаниясымен бірігу туралы келіссөздер жүргізуде. Бірлесу арқылы олар Еуропа нарығында жылдық айналымы 25 миллиард еуро құрайтын телекоммуникация жабдықтарын өндіруші алып компанияға айналмақ.

Мамандардың айтуынша, Alcatel-Lucent компаниясының акциялары Париж биржасында 12%-ға артқан. Ал Nokia қағаздары керісінше, Хельсинкіде 7%-ға арзандаған. Қазір екі компания да бұл саладағы әлсіз ойыншылар болып саналады.

2006 жылы құрылған Alcatel-Lucent үнемі қаржылай қиындықтармен арпалысып келсе, 1990 жылдары ұялы телефондарды өндіруде көш бастаған Nokia жаңа трендке ілесе алмай, смартфондар жасау кәсібін Microsoft корпорациясына сатуға мәжбүр болған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз