«Нотариустардың медиаторлық қызметі» тақырыбында семинар өтті

53

0

«Нотариустардың медиаторлық қызметі» тақырыбында семинар өттіҚызылорда қалалық сотында БАҚ өкілдері және нотариустардың қатысуымен семинар өтті.
    «Нотариустардың медиаторлық қызметі» тақырыбында Қызылорда қалалық
сотының судьясы К.Садуақасова баяндап, «Медиация туралы» Заңының негізгі
баптарына түсіндірмелер жасады.
    Аймақтық нотариалдық палатаның нотариусы А.Өтеміс өз тәжірибесінде
кездескен, медиация рәсімінің қолданылуы орынды болатын жағдайлар туралы
айтып берді.
    Сонымен қатар, даусыз келісім шарттар негізінде нотариустардың
жазбасын сот орындаушыларына орындауға беруге жататын атқару парағы
ретінде пайдалануға қатысты сұрақтар талқыланды.
    Семинар барысында азаматтық істерді қарау барысында кездесетін
нотариустардың қызметіне қатысты басқа да мәселелер талқыланды.
    Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз