«Нұр отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары тағайындалды

184

0

«Нұр отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары тағайындалдыБүгін партияның Саяси Кеңесесінің Бюро
отырысында облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық
филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев жаңадан тағайындалған төраға
орынбасары Әділбек Ерсұлтановты таныстырды. 
Ерсұлтанов Әділбек Бөрібайұлы 1976 жылы 27 тамызда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.
1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Тарихшы – архивтанушы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Қызылорда облыстық мұрағаттар басқармасында жетекші маман қызметінен бастаған.
2002
– 2009 жылдары қала әкімі аппаратында бас маман, бөлім басшысы, №178
орта мектеп директоры, Талсуат ауылдық округінің әкімі;
2009
– 2013 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы,
Облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасы бастығының орынбасары,
Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары;
2013
-2015 жылдың шілде айына дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының
ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы
қызметін атқарған.
2015 жылдың шілде айынан бастап – қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін атқарып келді.
Аймақ басшысы Ерсұлтан Бөрібайұлының жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз