«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезекті конференциясы өтті

68

0

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезекті конференциясы өтті«Нұр Отан»
партиясының облыстық филиалының кезекті есеп-беру сайлау конференциясы өтті. Онда
атқарылған жұмыстар талқыланып, партия филиалы Саяси кеңесінің, партиялық бақылау-тексеру
комиссиясының құрамын сайлау мәселесі қаралды.

Жиынды облыс
әкімі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев
ашып, аталмыш конференция Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты
халыққа жолдауымен үндесіп отырғанын жеткізді.

– Өздеріңізге белгілі, Жолдауда «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясаттың
басталуы туралы жарияланды. Бұл саясаттың басты міндеттерінің бірі – ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламаның
орындалуы. 2015 жылғы
экономиканың негізгі бағыты көлік құрылымдары, энергетикалық, индустриялық, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту мен шағын және
орта бизнеске бағытталатын болады, – деген облыс әкімі оларды жүзеге асыру
міндеті партияның қолдаушылары ретінде бәрімізге ортақ мақсат екенін жеткізді.

Парламент
Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі Қуаныш
Сұлтанов партия жұмыстарының негізгі бағыттарын айқындап, Елбасы Жолдауын белсенді
түрде жүзеге асыруға шақырды.

Сонан соң, 2013-2014
жылдары атқарылған партиялық жұмыстар мен жобалар бойынша облыстық партия филиалы
төрағасының бірінші орынбасары Болатбеков Өлмесхан есеп берді.

Конференция
барысында аймақтық партиялық ұйымының Саяси кеңесі, бақылау-тексеру
комиссиясының жаңа құрамдары сайланды.

 

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз