«Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

37

0

«Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары тағайындалды. Кеше облыс әкімі, облыстық партия филиалының
төрағасы Қырымбек Көшербаев жаңа тағайындалған Ибадулла Құттықожаевты
ұжымға таныстырды.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің
хабарлауынша, Ибадулла Дүйсенбайұлы 1957 жылы Қызылорда қаласында
дүниеге келген. Жоғары білімді. Философия ғылымдарының кандидаты. Әр
жылдары қалалық және облыстық мекемелерде жауапты қызметтер атқарған.
Мәселен, 2004-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары. Соңғы
екі шақырылымда Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы болған.

Облыс әкімі Ибадулла Құттықожаевтың жаңа қызметіне сәттілік тілеп, жылы лебізін жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз