«Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

60

0

«Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші
орынбасары болып Наурызбай Байқадамов тағайындалды, деп хабарланған
аталмыш партияның ресми сайтында.

Наурызбай Байқадамов Қызылорда
педагогикалық институтын тәмамдаған, тарих ғылымдарының кандидаты. Әр
жылдары оқытушы, кафедра меңгерушісі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті ректорының орынбасары болып жұмыс істеген. 2007
жылы «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының
орынбасары лауазымын атқарды.

Соңғы уақыттары Қызылорда облыстық әкімшілігінің Білім басқармасына жетекшілік етті.

Осыған
дейін партияның Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші
орынбасары лауазымын атқарған Өлмесхан Болатбеков «Нұр Отан» партиясы
Саяси Кеңесі өңірлік бюросының ұсынысымен және берген арызына сәйкес
қызметінен босатылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз