«Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы – үздіктер қатарында

60

0

«Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы - үздіктер қатарында«Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты 2014 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша 14 облыстық және Астана, Алматы қалалық филиалдары арасынан Қызылорда облыстық партия филиалы ең үздік филиал ретінде бірінші орынға шықты, екінші орынға – Астана қалалық, үшінші орынға – Алматы қалалық партия филиалы көтерілді.

Бұл оңды жаңалық Астанамен өткен республикалық бейне байланыста жарияланды, делінген партияның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Саяси ұйымға берілген бұл жоғары баға партиялық жобалардың, сайлауалды тұғырнаманың жүзеге асырылу барысын, облыс әкімінің 2014 жылға арналған іс-қимыл жоспары бойынша бағыттары мен ішкі партиялық жұмыстардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуын есепке алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз