Нұрлан Нығматулин: Елбасы ұсынған рухани жаңғыру – мемлекеттің тірегі, халықтың жігері

106

0

Нұрлан Нығматулин: Елбасы ұсынған рухани жаңғыру – мемлекеттің тірегі, халықтың жігеріБіз тәуелсіздік алған санау­лы уақыттың ішінде Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көре­ген­ді­гінің арқасында аңызға айнала­тындай зор табыстарға қол жеткіздік. Осындай пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласында білдірді.    
«Елбасының «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢ­ҒЫ­РУ» мақаласы – осы жетіс­тік­тері­­мізді одан әрі еселей түсу­дің, алға қойған ұлы мақсат­тар­ға жетудің берік тұғырын орна­тудың жарқын көрсеткіші.  Ұлы мемлекет әрқашанда үн­д­ес­тік заңымен өмір сүреді. О­­сы жол­­­да рухани серпіліс әр­бір адам­­­­­ның, бүтін қоғамның тыны­сын өз­гертетін ерекше құбылыс. Сондықтан да, Елбасы хал­қы­мыздың тағылымы мол тарихы мен ұлттық салт-дәстүрлерін елде жүргізіліп жатқан саяси реформа мен экономикалық жаңғырудың өзегіне айналдыра отырып, Қазақстан қоғамы мен әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың алты негізгі бағытын белгілеп берді. Олардың барлығы теңдесі жоқ тарихи мазмұнға ие бола отырып, алдағы дамуымыздың басты қағидаларын анықтады. Онда қазіргі таңда аса өзекті болып табылатын, әрқайсысы қыруар жұмыс көлемін қажет ететін қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық жобалар түрінде бірқатар нақты шаралар қамтылған. Бұл  халқымыздың алдында жаңа көкжиектер кеңістігін ашып, елімізді сапалық жағы­нан жаңа даму деңгейіне шыға­ра­тыны сөзсіз. Біз технология мен инно­ва­цияға, жаңа экономика салала­рын дамыту мен заманауи ин­фра­құ­рылым құруға баса мән бере отырып, кез келген ха­лық­тың дамуында баға жетпес рөл ат­қаратын рухани негіздерді де естен шығармауға тиіспіз. Жоғары білімді әрі рухани жағынан бай адамдар ғана уақыттың жаңа сын-қатерлеріне жедел ден қойып, шұғыл шаралар қабылдауға, батыл қадамдар жасауға қабілетті болмақ. Сондықтан, Елбасымыздың Рухани жаңғыру бағдарламасы қоғам дамуына тың серпін беріп, әрбір азаматты алға жетелейтін тарихи күшке айналары сөзсіз», – делінген мақалада. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз