
Дөңгелек үстел форматында өткен жиынға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда филиалы директорының орынбасары Айзат Ізтілеуова, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Сырдария аудандық филиалы директоры Ерғазы Қожақов, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары, жеке кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында Ипотекалық несиенің қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Нұрлы жер» бағдарламасының тиімді тұстары туралы мағлұматтар айтылды. Қатысушылар сала мамандарына сұрақтарын жолдап, тиісті кеңестер алды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!