Нұротандықтар балаларға сый жасады

38

0

Нұротандықтар балаларға сый жасады Қызылордада «Бақытты балалық» жобасы аясында «Мектепке жол» акциясы
жалғасын табуда. Бұл жолғы шарада партияның бастауыш партия ұйымдары,
қалалық мәслихат депутаттары ерекше атсалысты, деп хабарлады «Нұр Отан»
партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметінен.

Акцияны облыстық
партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Байқадамов Наурызбай
Сейітқалиұлы ашып, әр бала бақытты болуға лайықты екенін айтты.
Сондай-ақ, балғындарға жақсы білім алып, болашақта елдің тізгінін ұстар
азамат болып қалыптасуларына тілектестігін білдіріп, киім-кешектер мен
мектепке қажетті құрал-жабдықтарды тапсырды. Өз кезегінде балалардың
ата-аналары да алғыстарын білдірді.

Айта кету керек, бұған дейін «Нұр Отан» партиясының
ұйымдастыруымен өткізілген «Мектепке жол» акциясына қалалық мәслихат
депутаттары, облыстық «Қызыл жарты ай» қоғамы белсенділік танытты. Олар
үйден оқытылатын және әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың 60-тан астам
баласына мектепке қажетті оқу құралдары мен киім- кешектер табыстады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз