Нұрсұлтан белестерді бағындырып келеді

61

0

Нұрсұлтан белестерді бағындырып келеді

Қызылорда облысы, Сырдария
ауданының тумасы Нұрсұлтан Көлдеев Германияның Гамбург қаласында гір көтеруден ересектер
арасында  өткен  Әлем чемпионатында қола жүлдені иеленді.

Ол 63
 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, 32
келі гір тасын қос қолмен жұлқа және серпе жаттығу нәтижесінде 143 ұпай жинады.
Нұрсұлтан әлем чемпионатының қорытындысы бойынша гір көтеру спортынан ҚР
халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

Н.Көлдеев төрт жылдан бері осы
спорт түрімен айналысып келеді. Ол 8 дүркін Қазақстан чемпионы, 2013 жылы Әлем
чемпионатының қола жүлдесін, биыл Еуропа чемпионатында екінші, Әлем кубогында
үшінші орындарды иеленген болатын. Оның спорттағы толағай табыстарына жаттықтырушысы
Жасұлан Өмірбаевтың да үлесі зор.
Жарыс қорытындысында  жалпыкомандалық есепте бірінші орынды –
Ресей, екінші орынды – Қазақстан, үшінші орынды – Украина мемлекеті
иеленді. 
 Енді Нұрсұлтан үстіміздегі жылдың  желтоқсан айында  Павлодарда болатын Қазақстан кубогында  бақ сынамақ. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз