Нұрсұлтан Назарбаев: Интернет арқылы арандатушылар қатаң жазаланады

44

0

Нұрсұлтан Назарбаев: Интернет арқылы арандатушылар қатаң жазаланадыКеше Ақордада Қауіпсіздік Кеңесін өткізген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаев Алматыдағы террорлық актіге қатысты арандатушылар қатаң
жазаланады деп ескертті, – деп жазады «Қазақпарат».
    «Халықты тұрақты түрде ақпараттандырып отыру керек. Себебі, қазір
алып-қашпа әңгіме тарап кетеді. Сондықтан, арандатушыларды, жалған,
арандатуға бастайтын өсек-аяң тарату фактілерінің алдын алу керек. Мен
мәлім етемін, осындай қиын кезде Интернет арқылы, желі арқылы арандатуға
бастаған, өтірік ақпарат таратқандарды қатаң жазалаймыз», – деді Елбасы
Н.Назарбаев.
    «Францияда бір адам жүк көлігімен қаншама адамды басып өлтірді.
Түркиядағы жағдай бар. Қазір жағдайды ушықтырғысы келетіндер табылады.
Сондықтан, Қазақстанның ақпараттық кеңістігі өз көзқарасын таныта білу
керек», – деп атап өтті Президент.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз