«Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабы араб тілінде жарық көрді

50

0

«Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабы араб тілінде жарық көрдіСауд Арабиясында Елбасының өмір жолы туралы кітаптың араб тіліндегі нұсқасы таныстырылды. Авторы – белгілі публицист, Президент Кеңсесінің басшысы – Махмұд Қасымбеков, деп жазады Хабар 24.
«Нұрсұлтан Назарбаев Өмірбаян» атты туындының араб тілінде жарық көруіне Эр-Риядтағы ислам зерттеу орталығы ұйытқы болған. Тұсаукесер аясында өткен конференцияда шетелдік журналистер мен сарапшылар Қазақстанның өткені мен бүгіні жайлы мағлұматқа қанықты. Ал арнайы ұйымдастырылған көрмеде еліміздің әсем көріністері паш етілді. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент кітапханасы мен Король Фейсал атындағы ислам зерттеу институты арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Сол арқылы тараптар ғылыми зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізуге уағдаласты. «Араб әлемі дүниедегі ең үлкен өркениеттердің біреуі ғой. Сондықтан кітаптың араб тілінде шығуы біздер үшін үлкен қуаныш. Ханзадамен келісімге келдік. Қазақ тарихы туралы араб тілінде кітап шығару туралы келісімге келдік. Егер ол шықса, біз үшін үлкен нәтиже болар еді»,- дейді ҚР Президенті Кеңсесінің басшысы, кітап авторы Махмұд Қасымбеков. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз