Әнші Самал Байсейтова жеке концертін береді

47

0

Әнші Самал Байсейтова жеке концертін бередіӨнерімен тыңдарманды баураған Сыр елінің жезтаңдай әншісі
Самал Байсейтова жеке шығармашылық концертін бермек. Әнімен жұртын тербеткен жерлесіміздің кеші Н.Бекежанов атындағы
музыкалық драма театрында 31-қазан күні сағат 6:00-де өтеді.
Концертке ұстазы, КСРО халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенова, Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрінің дирижері Мүсілім Әмзе, Жамбыл атындағы
мемлекеттік филармонияның әншісі Ф.Кубиев, Халықаралық республикалық
конкурстардың лауреаты Қ.Құттымұратов, сондай-ақ, шәкірттері Ш.Тыныштық, Б.Жұмаханова, А.Қалдыбай қатысады. Ән мен жырды жанына серік еткен өнерпаз көрерменді керемет көңіл-күйге бөлері анық, олай болса жерлесіміздің кешінің куәсі болып, қолдау көрсетуге асығайық!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз