Нью-Йорктің үздік полицейі Димаш Ниязов кәсіпқой бокстағы 13-ші жеңісіне жетті

63

0

Қазақстаннан шыққан АҚШ боксшысы Димаш Ниязов америкалық Агустин Маураспен өткен кездесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жекте басты кездесу әлем чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс(32-2, 29 КО) пен Луис Ариастың (18-0, 9 КО) кездесуі болды. Жекпе-жек Бруклиндегі Barclays Center аренасында өтті.
Осылайша, Димаш Ниязов Дэниэл Джейкобстың андеркартында жұдырықтасып, жеңіске жетіп отыр. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын. Бірақ Ниязов қарсыласын бесінші раундта техникалық нокаутқа түсірді.
Бұл 28 жастағы боксшының кәсіпқой рингтегі 13-ші жеңісі.
Еске сала кетсек, Қазақстаннан шыққан Димаш Ниязов Нью-Йоркте тәртіп сақшысы қызметін атқарады. Бірнеше рет қауіпті қылмыскерлердің жолын кесіп, арнайы марапат алды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз