Қоғалыкөлде туристік демалыс кешен салына ма?

40

0

Қоғалыкөлде туристік демалыс кешен салына ма?Бүгін Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, өңірде инвестициялық жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен және жаңа жобалармен танысты.
Жиынды ашқан аймақ басшысы ауыл шаруашылық саласына жауапты орынбасары Серік Қожаниязов енді кәсіпкер кеңесінде осы салаға жауапты болатынын жеткізді. 
– Сонымен кәсіпкерлер кеңесінде менде екі орынбасар болды. Индустриялық-инновациялық жобаларға Ғалым Әміреев жауапты болса, ауыл шаруашылық саласындағы жобаларға Серік Қожаниязов бақылау жасайды. Өңірдің болашағы үшін бұл екі саланың жұмысы да маңызды. Сондықтан жұмысты жандандыру үшін екеуін екі бөлек қарастырғанымыз жөн, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Тельман Сүлейменов 11 инвестициялық жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Басқарма басшысы арматур, силикат кірпіш, газдалған және газдалмаған су шығаратын зауыттың, туристік орталық секілді 11 жоба эксперттік комиссиядан өтіп, құжаттары рәсімделіп жатқандығын жеткізді. 
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңеске тағы 5 жаңа жоба ұсынылды. «Сыр Маржаны» ЖШС-гі Қазалы ауданында 500 басқа арналған мал бордақылау алаңын салғысы келеді. Ол үшін инфрақұрылым қажет. Осы аудандағы «Ақарыс» ЖШС-гі жеміс-жидек, көкөніс қоймасын қайта жаңғыртпақ. Аймақ басшысы бұл жобаны қаржыландырудың тетіктерін қарастыруды орынбасары Серік Қожаниязовқа жүктеді. «Энергия» ӨК» ЖШС-гі облыс орталығында жылына 12 миллион дана престеу мен кірпіш күйдіру әдісі арқылы кірпіш және жаяу жүргінші жолға арналған төсенді шығаратын зауыт салмақшы. Тек оған жер мәселе қиындық туғызып тұр. Бұл проблеманы екі аптаның ішінде шешуді қала әкімдігіне тапсырды. «Азиаш» ЖШС-гі польшалық «4UP Trade», «Ponar»компанияларымен бірлесе темір арқауын (задвижка) өндірмек. Оңтүстік өнеркәсіптік аймағынан 2,5 га жер телімі қажет. Өңір басшысы мұны да екі аптада шешу қажеттігін айтты. «Жас ғасыр» ЖШС-гі Қызылорда қаласына қарасты Қоғалыкөл ауылында туристік демалыс кешенін салмақ. Облыс әкімі бұл жобаны «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы негізінде жүзеге асыруға болатынын айтты. Тек ұсынысты талапқа сай келтіру керек деді.
Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы кеңестің келесі отырысында да дәл осындай сценарий қайталанса деген ой айтты. 
– Алдымен жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесімен таныссақ, содан соң жаңа жобалармен танысамыз. Сонда  жасап жатқан жұмыстың нәтижесі көрінеді, – деді өңір басшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз