Қоғам дамуына серпіліс

87

0

Қоғам дамуына серпілісҚызылорда бөлімшесінің мәжіліс залында Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында кеңейтілген актив отырысы өтті.
Оған «Теміржол» партия филиалының Саяси кеңес, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен партия белсенділері қатысты. Актив отырысы барысында «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева Президент мақаласының маңызды тұстарына тоқтап өтті.
– Президент рухани жаңғыруды жүзеге асыруда, әлемде ешкімге ұқсамайтын дербес ұлт болуымыз үшін «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру міндетін қойып отыр. Мәдениетіміздің озық үлгілері әлемдік деңгейде кеңінен танылып, дүние жүзіндегі бәсекеге қабілеттілігі халықаралық деңгейге сай болуы қажет. Елбасы ұсынған рухани жаңғыру бағдарламасы оны дәйекті түрде жүзеге асыру тұрғысынан жан-жақты талқылау мен зерделеуді қажет ететін маңызды құжат болып табылады деді ол.
Одан соң «Теміржол» партия филиалының Саяси кеңес мүшесі, Жолаушылар вагондарын жөндеу-1 БПҰ төрағасы Алтынбек Әбдіреев Президент атап көрсеткен негізгі бағыттың бірі-латын әліпбиіне көше мәселесінде оның артықшылығы мен тиімді тұстарына тоқталды. Сонымен бірге «Теміржолсу» БПҰ төрағасы Марат Шайжан жаңа заманғы патриотизмнің сипаттарына тоқталса, Магистральдық желі бөлімшесінің жетекші бухгалтері, резервист Назира Нұрмұратова мақалада көрсетілген ұлттық код мәселесіне қатысты өзінің өй пікірімен бөлісті.
Қорыта келгенде актив отырысына қатысушылар Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасы қоғам дамуына тың серпін беріп, әрбір азаматты алға жетелейтін тарихи күшке айналатынына сенімдерін білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз