Қоғамдық кеңес ауыл проблемасын шешуге атсалысады

49

0

Қоғамдық кеңес ауыл проблемасын шешуге атсалысадыСырдария. Ауданға қарасты Қоғалыкөл ауылындағы қоғамдық кеңес өткен жылы құрылып, оған 11 адам мүшесі ашық дауыспен сайланған. Сайланған кеңес мүшелерінің құрамында зейнеткер, білім саласының маманы, мемлекеттік қызметкер, ауыл шаруашылық, мәдениет, медицина салаларынан және қоғамдық ұйымдардан, оның ішінде, жастар ұйымынан өкілдер бар. 
Қоғамдық кеңес отырысы тоқсан сайын өткізу бекітілсе, ауылдың өткір мәселелері кезектен тыс қаралады. Қоғамдық кеңестің мәжілістерінде мемлекеттік бағдарламаларға ауыл тұрғындарды тарту, шағын және орта кәсіпті дамыту, қоғамдық тәртіпті сақтау, мал ұрлығын жою және тағы басқа мәселелер талқыға түсіп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Осы уақытқа дейін жоспарға сәйкес қоғамдық кеңестің он отырысы өткізілген. Сонымен қатар кеңес жұмысында ауылда ынтымақтастықты сақтау, жастар тәрбиесіне баса назар аудару күн тәртібінен түспейді. Сол сияқты кеңес мүшелері болып саналатын қариялар ауыл әкімімен бірге даулы мәселелер туындаған жағдайда, жер белгілеу, құрылыс салу, тағы басқа жұмыстарды істің басына барып, арнайы отырыс өткізбей-ақ мәселені шешу практикасын ұстануда. Бұл жұмыстар, сәйкесінше, оң нәтижелер беріп келеді. Қазіргі таңда Қоғамдық кеңес ауылда «Ақниет» бағдарламасы бойынша несие алған шағын жем шығару цехы және омарта ашу, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал бордақылау алаңын салу, көкөніс өсіретін жылыжай мен жүн өңдеу және мейрамхана, 50 орындық монша құрылысының жұмыстарына тілек білдіріп отырған кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуде. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз