Қоғамдық көлікте гүл таратылды

74

0

Қоғамдық көлікте гүл таратылдыҚызылорда қаласы әкімдігі және «Қызылорда автобус паркі» 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, қаламыздың нәзік жандыларына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында қаладағы қоғамдық көліктерде мың дана гүл шоқтарын сыйға тартты.
«Қызылорда автобус паркі» ЖШС қызметкерлері қоғамдық көліктерге мінген нәзік жандыларға құттықтауларын жеткізіп, арнайы алынған гүлдерді таратып отырды. Қыз-келіншектер болса ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып жатты.
Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда қаласы әкімдігі және «Қызылорда автобус паркі» ЖШС мұндай шараларды жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді.

Қоғамдық көлікте гүл таратылды
Қоғамдық көлікте гүл таратылды
Қоғамдық көлікте гүл таратылды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз