
Айта кету керек, қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша қалаішілік 25 бағыттағы және қала маңына қатынайтын 6 бағытта барлығы 870 автокөлік екі ауысыммен қызмет көрсетуде. Оның ішінде үлкен сыйымдылықтағы – 182, орта сиымдылықтағы – 300 және кіші сиымдылықтағы – 388 қоғамдық көліктерді құрайды.
Сол секілді, Саламатов көшесі бойынан жаңадан салынған диспетчерлік бекет құрылысы толық аяқталып жұмыс жасауда.
Жыл сайын қала аумағы кеңейіп, «Арай-2», «СПМК-70» секілді жаңа мөлтек аудандар ашылуда, осыған байланысты осы аудандарға қоғамдық көлік қатынасын ұйымдастыру бағытында да жол сызбалары әзірленіп, №13, 5 бағыттағы қоғамдық көліктер бекітілді.
Жасалған шараларға қарамастан, қаладағы қоғамдық көлік қатынасына жолаушылар тарапынан сын-ескертпелер мен орын алған оқыс оқиғалар толастар емес. Осыған байланысты, қала әкімінің орынбасары А. Шәменов қоғамдық көлік қатынасына байланысты бірнеше сын-ескертпелерді тізбектей отырып, кемшіліктерді қалыпқа келтіруге 3 күн мерзім берді.
Қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссия аталған сын-ескертпелердің қалпына келу жағдайы бойынша 11 наурыздан бастап қоғамдық көліктерге арнайы рейд жүргізеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!