Оба ауруынан сақ болайық

130

0

 
Адамзатты сан рет қырғынға ұшыратқан оба ауруын көзге көрінбейтін микробтар қоздырады. Онымен тышқандардың барлық түрі, әсіресе, саршұнақтар, үлкен және кіші құмтышқандары мен түйе, киік, қоян, түлкі, мысық сияқты түз және үй жануарлары ауырады. Олар обаның микробын бойларында сақтап, ауру таратуға себепкер болады. Ауру бір тышқаннан екіншісіне үстеріндегі бүрге немесе кенелер арқылы жүғады, ауырған тышқанның қанын сорған кене мен бүрге кеселді адамға да жүқтыруы әбден мүмкін. Қауіпті дерттен сақтану және алдын алу үшін мынадай шараларды есте сақтаған жөн:
1.Обамен ауырған тышқандар-дың терісін сыпырған кісілердің ауруды жұқтырып алуы өте оңай;
2.Оба тышқанның іні бар жерге қоныстанған, демалған адамдарға және сондай жерде ойнаған балаларға бүрге арқылы жүғады;
3.Үй жануарының ішінде обамен түйе ғана ауырады. Обамен ауыратын түйені сойған, союға қатысқандар ауруға бір табан жақын болады;
•Обамен ауырған адам айналасындағы кісілерге өте қауіпті. Аурудың қоздырғышы ауру адамның қанын сорған бүрге арқылы және тыныс жолдары арқылы (жөтелгенде, түшкіргенде), ластанған заттарды пайдаланған кезде жүғады.
•Обамен ауырған адамның денесінің қызуы 39-40°-қа жетеді. Халі нашарлап, әлсіздікке ұшырайды, бас ауруының қаттылығынан есінен танып қалуы да мүмкін. Ауру бірден тез басталып көпке созылмайды 2-3 күн ішінде емделмесе, өліп кетеді.
Обаға шалдыққан жандарда бездер ісініп, тез ұлғая бастайды, ісінген (қолтық, шап, мойын т.б.) бездері қол тигіз-бейтіндей болып ауырады. Ауру асқынған кезде ауру қоздырғыштары өкпеге шауып, күшейе түседі, науқастың жалпы халі өте нашарлайды. Өкпе кеселге шалдыққанда ауру адам жөтеліп, қанды қақырық түкіруі мүмкін. Ондай жағдайларда өз бетімен ем қолданбай, тез арада дәрігерге хабар беру керек.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз