Облыс аумағында шаңды дауыл болады

35

0

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы ескертеді. 
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Баспасөз қызметінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың 28-30 мамыры күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде  оңтүстік-батыс, батыстан соққан жел 15–20 м/с дейін күшейіп, найзағай күтіледі. Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз