Облыс басшысы қарт майдангермен кездесті

38

0

Облыс басшысы қарт майдангермен кездестіБүгін, 7 мамыр күні Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев Ұлы Отан соғыс ардагері Әбдірахман Бәйтіковтің үйіне барып, Жеңіс күнімен құттықтады. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
 Ардагердің айтуынша, ол 7-ші сыныпты бітіріп, педучилищеге құжаттарын тапсырып жатқан кезде соғыс басталып кетеді. 18 жасқа тола қоймаған жігітті алдымен Ашхабад қаласында кіші команда құрамының курстарында оқытып, майданға жібереді. Жаяу әскери күштер құрамында шайқасып, 1943 жылы мамыр айында оң қолы жарақат алып, госпитальға түседі. 
«Елге оралған соң, әрі қарай оқи алмадым. Әулетіміздегі жалғыз ұл едім, ата-анамды асырадым, жарақат алған қолым да жазуға мүмкіндік бермеді,  сондықтан колхозда әртүрлі жұмыстарды атққардым», – дейді Әбдірахман ата. Дегенмен, қарияның туысқандарының айтуынша, ақсақал кітап, газет-журнал оқуға құмар, көптеген өлеңдерді жатқа біледі екен. Кештеу үйленсе де, жұбайы батыр ана атанып, 10 бала тәрбиеледі, ал қазір 29 немере, 6 шөбере сүйіп отыр. «1985 жылы зейнетке шығып, ұлымның қолында тұрып жатырмын», – дейді ардагер.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз