Облыс әкімі қаламгерлермен жүздесті

62

0

Облыс әкімі қаламгерлермен жүздесті  Бүгін, 23
қаңтарда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қазақстан Жазушылар одағы мүшелерімен
жүздесті.

  Сөз басында аймақ
басшысы жергілікті қаламгерлердің төл мәдениетіміз бен өнерімізді дамытуға
сүбелі үлес қосқанына тоқталды. Жүздесу барысында облыс әкімі Сыр өңірінің
әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен жобалар
жөнінде әңгімелеп берді. Бірқатар қаламгерлерге «Бейбітшілік әлемі» халықаралық
шығармашылық бірлестігінің «Ел ардақтысы» медалі табыс етілді. Олардың
қатарында Манап Көкенов атындағы өнер мектебінің директоры Адырбек Сопыбеков,
ақын Әскербек Рақымбекұлы. Жазушы, «Тұран-Қазалы» газетінің бас редакторы, Қазалы
ауданының құрметті азаматы  Әлмәмбет
Әлішев, жазушы, Арал ауданының құрметті азаматы Айжарық Сәдібекұлы және ақындар
Балашбек Шағыров, Әкім Мейірбеков бар.

Қазақстан
жазушылар одағы облыстық филиалының басшысы Қаршыға Есімсейітова, жазушы-эколог
Сайлаубай Жұбатыров, және А.Сопыбеков, Ә.Әлішев облыс әкіміне ризашылығын
жеткізді, Жүздесу барысында өңірдің өнер өлкесін одан әрі өрістете түсу жөнінде
пікір алмасылды.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз