Облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы тағайындалды

53

0

Облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы тағайындалдыОблыс
әкімінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы өкімімен Ержанов Жақсылық
Фазылбекұлы Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық
жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Жақсылық Фазылбекұлы 1981 жылы
Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң
университетін – заңгер, 2010 жылы Қазақ-Қытай институтын – қаржыгер
мамандықтары бойынша бітірген. 
Еңбек жолын 2002 жылы Қазақ
гуманитарлық заң университетінің Қызылорда филиалында оқытушы ретінде
бастаған. 2011-2015 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы, Қызылорда қаласының
Қызылжарма ауылдық округінің әкімі лауазымдарында қызмет атқарған. 2015
жылдың мамыр айынан Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы
қызметін атқарып келді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз