ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

113

0

ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫОблыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы лауазымына Ідірісов Бақытжан Жеткерұлы тағайындалды.
Бақытжан Ідірісов 1971 жылы туған. Қызылорда педагогикалық институтын «биология және химия пәнінің мұғалімі», сондай-ақ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономика және бизнес бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген.
2012-2014 жылдары облыстық жұмылдыру дайындығы, сондай-ақ мұрағаттар және құжаттама басқармаларында басшының орынбасары қызметтерін атқарған.
2014 жылдың желтоқсан айынан бастап осы кезге дейін облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз