Облыс әкімі Арал ауданында болды

39

0

Облыс әкімі Арал ауданында болды  Бүгін, 24 қаңтарда облыс әкiмi Қырымбек Көшербаев бастаған Елбасы Жолдауын ақпараттық-насихаттау тобы Арал ауданын аралады. Топ құрамында Еңбек Ерi, облыстық күрiшшiлер бірлестігінің төрағасы Абзал Ералиев, маслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, жастар қоғамдық бірлестігі мүшелері бар. 
  Арал ауданына келген ақпараттық-насихаттау тобы алдымен «Тағзым алаңына» барып, гүл шоқтарын қойды. Әрі қарай топ мүшелері тарихи-өлкетану мұражайын аралады. Бүгінгі таңда музейде 8 мыңға тарта жәдігерлер бар, олардың екі жарым мыңы көрме залдарына орналасқан. Музей негізінен 6 көрме залдарынан тұрады. Мұнда 9 адам қызмет жасайды.    
Сондай-ақ, аймақ басшысы бастаған топ аудан активімен кездесіп, Елбасы Жолдауын талқылады. Облыс әкімі: «Терең мағынаға ие жаңа Жолдау – ең алдымен егемен еліміздің жарқын болашағына бастар бағыт» – деп атап өтті. Жолдауда көрсетілген тапсырмаларға сәйкес аймақта бірқатар игі бастама жүзеге асырылуда. Мысалы, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдік газ құбырының құрылысы, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізі, «Сексеуіл-Бейнеу» темір жолы осыған айқын дәлел бола алады. «Мәңгілік Ел идеясы ұсынылған биылғы Жолдау еліміздің кемел келешегіне жол сілтеді. Онда айтылған әрбір бағыт-бағдар мен міндеттер ел өмірі үшін ерекше маңызға ие», – деп сөзін қорытындылай келе, облыс әкімі аудан тұрғындарын Елбасы идеясының аясына бірігіп, ол жүктеген тарихи міндеттерді жұмыла жүзеге асыруға шақырды» делінген облыс әкімдігі баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
 

Облыс әкімі Арал ауданында болды

 

Облыс әкімі Арал ауданында болды

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз