Облыс әкімі ардагерлермен кездесті

45

0

Облыс әкімі ардагерлермен кездестіБүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ардагерлермен кездесіп, жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Алдымен аймақ басшысы жыл бойы атқарылған шаруалар жайын баяндап, алдағы жылы жүзеге асатын жобалармен бөлісті.
Биыл Сыр өңірі инвестиция тарту, құрылыс, салық, бюджетті нақтылау бойынша республикада алдыңға қатардан көрінді. Сыр елінің диқандары күріштен рекордтық өнім жинаса, соңғы 2 жылда Қызылорда облысының дамуына бөлінген қаржы 2 есеге артты. Әлеуметтік саланы қаржыландыруда жан басына шаққандағы шығын бойынша Қызылорда облысы республикада бірінші орында.
– Аймақ халқының әл-ауқатын арттыратын инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асты. Алдағы жылы да жұмыс ауқымы азаймайды. Енді бар күш-қайратымызды, білімімізді, біліктілігімізді осы жетістіктерді еселеуге, туып-өскен жеріміздің өсіп-өркендеуіне жұмсайтын боламыз.
Жасым ұлғайды демей, ағайынның арасында елдіктің сөзін айтып, мағыналы өмір сүрудің биік өнегесін көрсеткен ақжайраң пейілдеріңіз бен адал ниеттеріңізге үлкен рахметімді, шексіз алғысымды білдіремін, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға ардагерлер оң бағасын беріп, өз пікірлерін білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз