Облыс әкімі мектеп бітіруші түлектерді құттықтады

63

0

Облыс әкімі мектеп бітіруші түлектерді құттықтадыБүгін барлық мектептерде соңғы қоңырау салтанаттары бір мезетте
ұйымдастырылып, мектеп бітіруші түлектер алтын ұя мектебімен қоштасып,
үлкен өмірге қадам жасауда. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қаладағы №198
орта мектебі мен Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен соңғы қоңырау
салтанатына қатысып, жас түлектерге өзінің жылы лебізін білдірді.
– Бүгінде Егеменді Қазақстанда сіздердің сапалы білім алуларына
барлық жағдай жасалып жатыр. Өткен жылы ҰБТ-дан табысты өткен 240 көп
балалы және тұрмысы төмен отбасының балалары облыс әкімінің білім
грантына ие болды. «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасымен 300-ден
астам бала ЖОО-на оқуға түсті. Сонымен қатар, алғаш рет Қызылорда
қаласында Москва ұлттық технологиялық зерттеу университетіне (МИСИС)
қабылдау емтиханы жүргізілді.  Ресей мемлекетінің маңдай алды ЖОО-на
талапкерлер бюджеттік негізде оқуға ие болуда.  Осының барлығы да
сіздердің келешекте бәсекеге қабілетті білікті маман болып
қалыптасуларың үшін жасалып жатқан шаралар, – деген облыс әкімі алдағы
сын сағаттан сүрінбей өтіп, армандаған мамандықтарыңның иесі атануларына
тілектестегін білдірді.
Облыста биыл 292 мектептен 4303 мектеп бітіруші түлек ҰБТ-ға
қатысады. Олардың  227-і алтын белгіге, 69-ы үздік аттестатқа  үміткер.
Айта кетейік, биыл облысымыздың дарынды 84 оқушысы Қазақстан, Ресей,
Бразилия, Оңтүстік Корея мемлекеттерінде өткен Халықаралық
олимпиадаларға, ғылыми жарыстарға қатысып, 46-сы жүлделі орындарды
иеленді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз