Облыс әкімі соғыс ардагерлеріне Елбасының құттықтауын жеткізді

88

0

Облыс әкімі соғыс ардагерлеріне Елбасының құттықтауын жеткіздіБүгін облыс әкімі Қырымбек
Көшербаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Ұлы Отан соғысының
ардагерлері – Кенесбай Қали, Ыдырыс Қалиев, Тәнеш Оразов, Бөрібай
Құлманов, Михаил Баевты жаңа жылмен құттықтады.

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақ басшысы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Мемлекет басшысы қол қойған арнайы құттықтау хаттарын және сыйлықтар табыс етті.

«Сіздің замандастарыңыздың соғыстағы ерліктері
мен бейбіт жылдардағы еңбектері, сондай-ақ ел Тәуелсіздігін нығайтуға
қосқан үлесі шын мәнінде елге – мұра, ұрпаққа – өнеге.

Қазақстандықтар мұны әрдайым қастерлейді, сіздерге шынайы ізет-құрмет пен жан-жақты қамқорлық көрсетуден аянбайды.

Алдағы Ұлы Жеңіс мерейтойын есендікте көруді жазсын», – делінген Елбасының құттықтау хатында.

Осылайша облыс әкімі Қ.Көшербаев ардагерлерге
Елбасының ыстық сәлемін жеткізіп, елімізде Нұрсұлтан Назарбаевтың
сындарлы саясаты нәтижесінде атқарылып жатқан шаралар мен Ұлы Жеңістің
70 жылдығына дайындық жұмыстары жөнінде кеңінен айтып берді. Өз
кезектерінде ардагерлер Елбасына ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын
берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз