Облыс әкімі ұстаздармен кездесті

36

0

Облыс әкімі ұстаздармен кездесті Бүгін ұстаздар мерекесіне орай облыс әкімі Қ.Көшербаев үздік мұғалімдерді және жаңа оқу жылында жұмысқа қабылданған 25 жас маманды қабылдап, сый-құрмет көрсетті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 
Кездесуде аймақ басшысы білім саласын қолдаудың жыл өткен сайын артып келе жатқандығын айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Мәселен, келер жылы облыс орталығында академик Шахмардан Есенов атындағы дарынды балаларға арналған орталық құрылысы басталады. Сондай-ақ, барлық аудандардағы жазғы демалыс лагерлері жыл бойы жұмыс жүргізу ережесіне кезек кезегімен екі жылда толық ауысады. Бұл жұмыстар Жалағаш пен Сырдария аудандарында келесі жылы басталады. Бүгінде білім саласындағы облыстың көрсеткіштері біршама өсіп келеді. Соңғы үш жылда «Алтын белгі» иегерлерінің саны екі есеге өссе, мемлекеттік грант иегерлері 2 мыңға жуықтады. Сондай-ақ, былтыр аз қамтылған отбасынан шыққан дарынды балаларға облыс әкімінің гранты 123 түлекке берілді. Биыл бұл грантты  242 мектеп бітіруші иеленді. 
Кездесу барысында аймақ басшысы жас мамандармен емін-еркін сұхбаттасып, олардың өтініш-тілектерін, білім саласына қатысты ой-пікірлерін тыңдады. «Физика» мамандығының магистранты Алтынай Арықбай облыстың жас ұстаздарының кәсіби қауымдастығы құрылса деген ұсынысын білдірді. Өңір басшысы мұндай қауымдастықтар қай салада болмасын жаңа идеялардың пайда болуына және проблемаларды шешуге жол ашатынын айта келе, облыстық білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамовқа кәсіби қауымдастық құру жұмыстарын үйлестіруді  тапсырды.
Жиын соңында аймақ басшысы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» білімдерін шыңдаған мамандарға арнайы куәліктерін табыстады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз