Облыс әкімі Қызылорда қаласының құрылыс нысандарын аралады

97

0

Облыс әкімі Қызылорда қаласының құрылыс нысандарын араладыБүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады. 
Аймақ
басшысы алдымен ұзындығы 6 шақырымды құрайтын С.Бейбарыс көшесінен
бастау алатын «Қызылорда-Жалағаш» трассасына дейінгі магистральді көше
құрылысымен танысты. Жол құрылысына облыстық бюджеттен 1 млрд. 933 млн.
теңге бөлінген. 
Ені
9 метр болатын жаңа жолда автокөліктерге арналған 2 жолақты және жаяу
жүргіншілер жолы мен велотрек болады. Жол бойында 6 аялдама салынады.
Сонымен қатар, жағалау толықтай абаттандырылып, жарықтандырылады.  
Жаңа
жол қаладағы көп мәселені шешуге мүмкіндік береді. Бұл жол бөгеттің де
қызметін атқарады. Аудандардан келген автокөліктер айналма жол арқылы
қалаға кірмей әуежайға шығады. Яғни, қаладағы көлік кептелісі де азаяды.
Ең бастысы жаңа жол сол жағалаумен байланыстыратын көпірге апарады.
Тұрғындар демалып, велоспортпен шұғылдануға да ыңғайлы жер болады.  
Мұнан кейін облыс әкімі «Арай-3» мөлтек ауданында салынып жатқан тұрғын үй құрылысын аралап көрді. 
Қазір
«Арай-3» жаңа мөлтек ауданында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі
бағдарламасы» шеңберінде 20 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы
жүргізілуде. Тек биылдың өзінде облыс орталығында 80 көпқабатты тұрғын
үй салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары негізінен жыл аяғына дейін аяқталып,
пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, «Сәулет» мөлтек ауданында
«Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы 50 пәтерлік 7 көпқабатты тұрғын үйдің
құрылысы аяқталуға жақын. 
Облыс
әкімі жақында ғана пайдалануға берілген «Бәйтерек» мөлтек ауданында да
болды. Естеріңізде болса, 4 шілде күні 6600 азаматқа жер телімі
табысталған болатын. Қазір бұл жерде инфрақұрылым желілерін жеткізу
жұмыстары жүргізілуде. Жыл аяғына дейін инженерлік инфрақұрылымға
бөлінген 9,5 млрд. теңге игерілетін болады. Жеке тұрғын үй құрылысын
бастаған қала тұрғындарын мемлекет есебінен су, электр, газбен қамту
нысандары мен жолдар салынады. Сондай-ақ, мектеп, балабақша, емдеу
мекемелері сияқты әлеуметтік нысандарды жоспарлау жұмыстары басталды.
Келешекте бұл мөлтек ауданда 36 мыңнан астам қызылордалық тұратын
болады. 
Облыс
орталығына Шиелі мен Сырдария аудандары арқылы кіретін жолдың бойынан
қақпа салынып жатыр. Сонымен қатар, облыс әкімі қайта жаңғыртудан өткен
Шымбай көшесін аралап көрді. Соңғы 3 жылда қаланың жол құрылысын
дамытуға 15 млрд. теңгеден астам қаржы тартылды. Бұл қаражатқа 300
шақырымды құрайтын жолдар орташа, күрделі жөндеуден және қайта
жаңғыртудан өтті.
Биылдың
өзінде облыс орталығында ұзындығы 22 шақырымды құрайтын 16 көшеге
орташа, 24,5 шақырымды құрайтын 80 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары
жүргізілуде. Сонымен бірге, 2,6 шақырым болатын Шымбай және Сүлейменов
көшелері қайта жаңғыртылуда. 
Қала
нысандарын аралау барысында аймақ басшысы тиісті мемлекеттік органдар
мен құрылыс компания басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз