Облыс әкімі жамағатты қасиетті Қадір түнімен құттықтады

37

0

Облыс әкімі жамағатты қасиетті  Қадір түнімен құттықтады Барша мұсылмандар үшін қасиетті болып саналатын Қадір түні бүгінгі түнге
(шілденің 1-2) тура келді. Осы түнде күллі мұсылман қауымы Алладан игі тілектер
тілеп, дұға етеді
.

Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде
жамағатты қасиетті Қадір түнінің келуімен құттықтап, ізгі тілегін жолдады.

-Біз қасиетті дінімізді және
дәстүрлерімізді кейінгі ұрпаққа оны дәріптеп, ата жолы туралы осы қасиетті
айда мағлұмат беріп, дініміз өсуі керек
деп ойлаймын. Біз сол ата жолымен жүріп, сол жолды жалғастыруымыз керек. Шақыруымызды қабыл алып, келгендеріңіз үшін
рахмет. Қасиетті Рамазан айындағы барша ниет-тілектеріңіз қабыл болсын, – деді
облыс әкімі.

Сондай-ақ, өңірге
іс-сапармен келген ҚР Ауыл шаруашылығы
вице-министрі Ерлан Нысанбаев жиналған жамағатты қасиетті түннің келуімен
құттықтады.

Аймақ басшысы дін
қызметкерлері, ардагерлер, зиялы қауым және басқа да ауыз бекіткен жандарға
арнап ауыз ашар берді.

Мешіттің бас имамы
Талғат Омаров аруақтарға Құран аяттарын бағыштап, елдің тыныштығы мен бірлігі
үшін дұға жасады.

 

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз