Облыс әкімі жұмыс сапарымен Сырдария ауданында болды

55

0

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Сырдария ауданында болдыБүгін Қызылорда
облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Сырдария ауданында болды.
Алдымен Ақжарма ауылында барып, күрделі жөндеуден өткен әлеуметтік нысандармен
танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы, облыста 263
елді мекен болса, соның 47-сі тіректі ауыл. Ақжарма ауылыда тіректі елді
мекендер қатарына енген. Ауылды өркендетуге республикалық, облыстық, аудандық
бюджеттерден 414 миллион теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда ауылдық клуб
күрделі жөндеуден өтуде. Сондақ-ақ орталық алаң жаңғыртылып, мектеп, балабақша
жөндеуден өткен. Ауыл ақсақалдары көрші Нағи Ілиясов ауылдарына қарап,
қызығатындықтарын жасырмады. Енді мұндай өркениет бұл ауылға да келгеніне
тұрғындар дән риза.
– Бұның барлығы ел
игілігі үшін жасалып жатқан дүние. Әлі атқарылатын шаруа шаш етектен. Тек
нәтиже көрсете білуіміз керек, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Облыс әкімі жұмыс сапарымен Сырдария ауданында болдыҚазірдің өзінде
ауылда күріш ақтау цехы іске қосылды. Осы секілді жалпы 25 жоба жүзеге асады.

Өңір басшысы мұнан
соң аудан орталығында аграрлық-техникалық колледждің қайта жаңғыртудан өтіп
жатқан жатақхана жұмысымен танысты. Бұл ғимарат біраз жылдан бері бос
тұрған-ды. Құрылысшылар қараша айына дейін барлық жұмыс аяқталатынын айтып
отыр. Мұнда акт зал, асхана, медпункт заман талабына сай жасақталады. Бір
сөзбен айтқанда, жастардың алаңсыз білім алуына толық жағдай жасалады. Бұған
қоса, жас отбасылар тұруға бөлмелер қарастырылған. Туған жерге қызмет етемін
деген жастардың баспана мәселесі болмайды.
Облыс әкімі жұмыс сапарымен Сырдария ауданында болдыАудандағы бұрынғы
№36 мектептің ғимараты қайта күрделі жөндеуден өткізіліп, дербес бөлімдер
осында орналастырылды. Аймақ басшысы ғимаратты аралап көріп, енді ел үшін
аянбай еңбек ету керектігін айтты.

– Біздің елдің
қызметшіміз. Тұрғындар мұнда жанашырын іздеп келуі керек. Сондықтан
аяқтарыңыздан тік тұрып қызмет көрсетіңіздер.
Тәртіп, талаптың
арқасында салық түсімі артты. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында
екі жылда өңірге 7 миллиард теңге шағын несиеге қаржы бөлінді. «Ақниет»
бағдарламасының да шарапатын көріп жатсыздар. Мемлекеттен бөлініп тұрған
қаражатты тиімді пайдаланайық, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз