ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ

46

0

Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әкімдердің халыққа
есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына
сәйкес, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев 2016 жылғы 17
ақпанда сағат 11.00-де Н. Бекежанов атындағы драма театрда халық алдында есеп
береді.

Халықтың
ұсыныстары, ескертулері мен пікірлері үшін арнайы жәшіктер төмендегі
мекен-жайларда орнатылған:

Арал ауданы
бойынша: Аудан әкімі аппараты және қала әкімі аппаратының ғимараты.

Қазалы ауданы
бойынша: Әйтеке би кенті әкімі аппараты, Қазалы қаласы әкімі аппараты, қалалық
мәдениет үйі ғимараттары, «Қазпошта» аудандық байланыс ғимараты, Халыққа қызмет
көрсету орталығы, темір жол вокзалы, автовокзал, «Ырыс-Болашақ» базары.

Қармақшы
ауданы бойынша: Жосалы кенті әкімі аппаратының ғимараты, темір жол вокзалы,
«Халық Банк» АҚ аудандық бөлімшесі, «Қазпошта» аудандық байланыс ғимараты.

Жалағаш
ауданы бойынша: Аудан әкімі аппаратының ғимараты, аудандық мәдениет үйі,
Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараты.

Сырдария
ауданы бойынша: Кент әкімі аппаратының ғимараты, аудандық мәдениет үйі,
аудандық орталық аурухана, Сырдария аграрлы-техникалық колледжі.

Шиелі ауданы
бойынша: Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Халық Банк» АҚ аудандық бөлімшесі,
мемлекеттік кірістер басқармасы ғимараты, темір жол вокзалы.

Жаңақорған
ауданы бойынша: Кент әкімі аппаратының ғимараты, Халыққа қызмет көрсету
орталығы.

Қызылорда
қаласы бойынша: Темір жол вокзалы, автовокзал, әуежай, «Жайна», «Айтбек»,
«SMALL», «Универсам», «Сырдария» сауда үйлері, М. Ералиева атындағы мәдениет
үйі, «Жаңа базар» базары.

Ескертпе:
Барлық аудандардағы, Қызылорда қаласындағы ауылдық округтер мен кенттерде әкім
аппараты немесе ауылдық клуб ғимараттарында жәшіктер орналастырылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз