Облыс әкімінің орынбасарлары тікелей эфирде

44

0

«Қазақстан-Қызылорда» теле­ар­­на­­­­­сы­ның тікелей
эфирінде облыс әкі­­мі­нің орынбасарлары сұхбат бе­реді. Жыл қорытындысы,
Елбасы тап­сырмаларының облысымызда орындалуы, мемлекеттік бағдарламалардың
мүмкіндіктері мен аймақтың әлеуметтік-эконо­ми­калық, индустриалды-инно­ва­ция­­лық
дамуы, өңірдегі өркенді істер мен өзекті мәселелер әңгімеге арқау болады.
12 ақпан облыс әкімінің орынбасары Әміреев
Ғалым Махмутбайұлы
– индустриялық-инновациялық даму, өнеркәсіп
кәсіпорындарының бәсекеге қабілетті­лігін арттыру мәселелері бойынша;
13 ақпан облыс әкімінің орынбасары Годунова
Наталья  Николаевна
  – еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік
қорғау, экономика, қаржы мәселелері бойынша;
16 ақпан облыс әкімінің орынбасары Рауан
Кенжеханұлы
– ішкі саясат, білім беру, спорт, денсаулық сақтау, мәдениет
мәселелері бойынша;
17 ақпан облыс әкімінің орын­басары Әлібаев
Нұржан Нұр­мағамбетұлы
– энергетика, газбен қамтамасыз ету, тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық, та­биғи монополияларды реттеу, құры­лыс, жолаушылар
көлігі, автомобиль жол­дары, төтенше жағдайлар мен жұ­мыл­дыру дайындығы
мәселелері бойынша тұрғындардың толған­дырған сауалдарына тікелей эфир­де
жауап береді.
Егер Сізді мазалап жүрген мәселелер және
көкейлеріңіздегі сауалдар болса, онда студия қонақтары – облыс әкімінің
орынбасарларына өз сауалдарыңызды алдын ала 27-90-75 және тікелей эфир кезінде27-90-20 байланыс телефондары арқылы қоюларыңызға болады.
Облыстық «Қазақстан-Қызыл­орда» телеарнасындағы
тікелей эфир уақыты сағат 19.00.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз