Облыс медицинасы тағы бір орталықпен толығуда

42

0

Облыс медицинасы тағы бір орталықпен толығудаОблыс тұрғындары «Офтальмохирургия орталығының» ашу салтанатының куәсі
болады. Облыс басшылығының тікелей қолдауының нәтижесінде заманауи
қондырғылармен жабдықталған орталықтың ашылуы халықтың сапалы
медициналық көмек алуына жағдай жасаудың тағы бір қадамы десек болады,
деп жазады облыстық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.
    Облыстық медицина орталығының көз аурулар бөлімі облыс тұрғындарына
жалғыз офтальмологиялық стационарлық көмек көрсететін мекеме. Жоғарғы
деңгейде көмек көрсететін орталықтың сұранысы күн сайын артып келеді.
    Айта кетейік, облысымызда 2014 жылы катарактаға 1000 астам ота
жасалып жасанды көздің линзасы салынса, 2015 жылы облыстық медицина
орталығында 1200 астам осындай ота жасалды, 2016 жылға 1800 ота
жоспарлануда. Бұл облыстың офтальмохирургия саласының қарқынды дамып
келе жатқандығын көрсетеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз