
Қызылорда облыстық сотының судьясы Артур Наримов мереке құрметіне өткізіліп отырған көгалдандыру шарасының ары қарай жалғасын табатынын жеткізді. Дәл осы күні судьялар Ұлы Отан Соғысының ардагері Үсейн Ысқақовтың үйіне мерекесімен құттықтай барды.
Судьялар Үсейн ағамен елімізде болып жатқан экономикалық және саяси жаңалықтар туралы әңгімелесті. Кездесуде ардагер Үсейн Ысқақов сот ұжымына көрсеткен құрметтері үшін алғысын айтып, қызметтеріне сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі