Облыс тұрғындарының 57,3 пайызы ауылдық жерде тұрады

35

0

Облыс тұрғындарының 57,3 пайызы ауылдық жерде тұрады  Облыстық статистика департаментінің хабарлауынша, 2013 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мәлімет бойынша Сыр өңірі тұрғындарының саны 739,3 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар – 316, 4 (42,7 пайыз), ауылдықтар 422,9 мың адамды (57,3 пайыз) құрайды.
  Осы уақыт аралығында өңірде өмірге келген нәрестелер саны 18772 адамды шамалаған. Ол 2012 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 74 нәрестеге артық. Дегенмен, жалпы халықтың туу кооффициенті 100 тұрғынға шаққанда 28,28-ден 27,96-ға азайған. Былтыр облыстағы өлім көрсеткіші де төмендеген. 2013 жылдың қаңтар-қараша айларында 4290 адам өмірден өтіп, алдыңғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 231 адамға азайған. Тұрғындар арасындағы өлім себептерінің негізгі топтарынының үлес салмағын қан айналымы жүйесі аурулары құрап отыр, ол 22,6 пайызға жуық.    
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз