Облыс тұрғындарының назарына!

41

0

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы хабар¬лай¬ды, қазіргі уақытта «ЭКСПО-2017» Көрмесінің tickets.expo2017astana.com ресми сайтында онлайн билет сатылымы жалғасуда.
Мерзімі нақтыланған жұмыс күнгі билет құны – 6 000 тг., мерзімі нақтыланған демалыс күнгі билет құны – 8 000 тг., мерзімі нақтыланбаған жұмыс күнгі билет құны  – 4000 тг.
Мерзімі нақтыланбаған билет сатып алған жағдайда, Сізге электронды поштамен сатып алуды растайтын құжат жолданады – «Сатып алуды растау». Аталған «Сатып алуды растау» құжатын міндетті түрде нақтыланған мерзімі бар билетке айырбастау қажет. Ол әрекетті Көрмеге баруға жоспарланған күннен бір күн бұрын  билет сату сайтында ашылған жеке кабинет арқылы немесе «ЭКСПО-2017» көрмесіне билет сататын ресми кассаларда істеуге болады. Аталған қызмет 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап қолжетімді болады.
2016 жылы бойы және 2017 жылдың 9 маусымына дейін билеттерді алдын ала сату іске қосылды. Ал, 2017 жылдың наурыз айынан бастап Қызылорда қаласының арнайы кассаларында офлайн билет сатылымы бас¬талады.
Сонымен бірге, облыс тұрғындары «ЭКСПО-2017» билеттерін барлық «Казпочта» АҚ Қызылорда об¬лыстық филиалдарынан сатып алу мүмкіндігіне ие екендігін хабарлаймыз.
Билет түрлері жайында барлық мәліметті tickets.expo2017astana.com сайтынан білуге болады.
Билетті сатып алуға асығыңыздар!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз