Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, заң бұзушылықтарға жол берген 500 кінәлі тұлға түрлі жауапкершілікке тартылған және прокуратураның араласуынан кейін 209 жасөспірімге 3 млн. теңге жәрдемақысы төленген.
Мүгедек балаларға арналған 214 мың теңге бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйінің басшысы Н.Есенбекова сотты болды.