
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, облысымызда өткен жылы жаңадан 1015 адамнан онкологиялық ауру анықталса, 662 науқас өмірден өткен. Онкологиялық дертке шалдыққандардың басым бөлігі еңбек ететін жастағылар, яғни 25-55 тің аралығы. Қазір 6 түрлі онкологиялық ауруларға скринингтік тексерулер емханаларда тегін жүргізілуде, Қатерлі ісіктің 3-4 сатысында келген кеш болады.